$ 480.72 € 548.07 ₽ 6.14

Венесуэланы жайлаған жойқын жер сілкінісінің салдарынан қаза тапқандар саны 1450-ге жетті

Редакция
29 маусым 2026, 11:16
Венесуэланы жайлаған жойқын жер сілкінісінің салдарынан қаза тапқандар саны 1450-ге жетті Сурет авторы: vtv.com.ve

Венесуэлада 24-25 маусым күндері болған жойқын жер сілкіністерінің зардабы күн санап ауырлап барады. Ұлттық ассамблеяның төрағасы Хорхе Родригестің мәлімдеуінше, табиғи апаттан қаза тапқандар саны 1450 адамға жетті.

Үйінді астынан тірі адамдарды табу мүмкіндігі уақыт өткен сайын азайып келеді. Ең үрейлі дерек - із-түзсіз кеткендердің саны 68 мыңға жуықтады.

БҰҰ Даму бағдарламасының алдын ала болжамы бойынша, елге келген тікелей физикалық шығын көлемі 6,7 миллиард долларды құрайды. Елде төтенше жағдай жарияланып, ең қатты зардап шеккен Ла-Гуайра штаты әскери бақылауға алынды. Қазіргі уақытта Венесуэла халықаралық көмек пен гуманитарлық қолдауды қабылдап жатыр.

Бұл - Венесуэла тарихындағы ең ауыр сынақтардың бірі болып отыр. Мамандардың айтуынша, қалалар мен тұрғын үйлердің басым бөлігі қирап, инфрақұрылым толығымен істен шыққан.

Соңғы жаңалықтар