$ 540.78 € 618.65 ₽ 6.71

Түркияның Стамбұл қаласында 6,2 балдық жер сілкінісі болды

Редакция
23 сәуір 2025 07:45 2418
Түркияның Стамбұл қаласында 6,2 балдық жер сілкінісі болды Сурет авторы: istock

Түркияның Төтенше жағдайлар және апаттар басқармасының (AFAD) мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі – Мармара теңізі, Стамбул қаласының Силиври ауданы. Зілзала жердің 6,92 шақырым тереңдігінде тіркелген. Сілкініс Стамбулмен қатар, жақын орналасқан аймақтарда да сезілді.

“Стамбулдың Силиври ауданында 6,2 балдық жер сілкінісі тіркелді. Қоршаған аймақтарда да сезілген бұл зілзалаға байланысты AFAD және өзге де тиісті мекемелердің барлық тобы тексеріс жұмыстарын бастады. Зілзаладан зардап шеккен азаматтарға жедел сауығып кетуін тілеймін. Алла елімізді апаттардан сақтасын”, –  деді Түркияның ішкі істер министрі Али Ерликая.

AFAD дерегінше, бүгін жергілікті уақытпен 12:51-де, Мармара теңізінде, Стамбулдың Бююкчекмедже ауданына жақын маңда 4,4 балдық тағы бір жер сілкінісі болған. Ол да жердің 7 шақырым тереңдігінде орын алған.

Соңғы жаңалықтар