$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Трамп Украинамен жасалған сирек кездесетін металдар жөніндегі келісімнің бұзылғанын мәлімдеді

Редакция
20 ақпан 2025 01:19 2787
Трамп Украинамен жасалған сирек кездесетін металдар жөніндегі келісімнің бұзылғанын мәлімдеді Сурет авторы: AP Photo / Julia Demaree Nikhinson

АҚШ президенті Дональд Трамп Украина уәделескен келісімді бұзды деп айыптады. Оның айтуынша, бұл келісім Вашингтонның Киевке бөлген қаржысын қайтаруға мүмкіндік берер еді, деп хабарлады BBC-дің орыс қызметі.

«Бізде сирек кездесетін металдар бойынша келісім болды, бірақ олар бұл келісімді екі күн бұрын бұзды», – деді Трамп Майамиде өткен инвестициялық форумда.

Ақпан айының басында Трамп Киевтен көмек ретінде бөлінген қаражаттың орнына украин жеріндегі пайдалы қазбаларға қол жеткізгісі келетінін айтқан еді.

Өткен аптада АҚШ-тың Қаржы министрі Скотт Бессент Киевке сапары барысында инвестицияларға қатысты ұсынылған келісімді таныстырды. Ал Украина президенті Владимир Зеленский бұл құжаттың әлі дайын емес екенін айтып, қол қоюдан бас тартты.

Мюнхендегі қауіпсіздік конференциясында Зеленский АҚШ-қа украин пайдалы қазбаларының 50%-ын беру туралы ұсынысты қабылдамай қойғаны да хабарланған.

Соңғы жаңалықтар