$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Трамп: Украина келіссөздерге қатысқысы келсе, сайлау өткізуді қарастыруы керек

Редакция
19 ақпан 2025 07:53 4638
Трамп: Украина келіссөздерге қатысқысы келсе, сайлау өткізуді қарастыруы керек Сурет авторы: AP Photo / Evan Vucci

АҚШ президенті Дональд Трамп Украина Ресеймен соғысты аяқтау шарттары бойынша келіссөздерге қатысқысы келсе, сайлау өткізуі керек деп мәлімдеді. Бұл туралы ол 18 ақпанда Сауд Арабиясында өткен АҚШ пен Ресей делегацияларының келіссөздерінің қорытындысын бағалау кезінде айтты.

«Егер олар келіссөз үстеліне отыруды қаласа, украин халқы: “Бізде сайлау өткеніне көп уақыт болды” деп айтуы керек емес пе? Бұл Ресейдің талабы емес. Бұл менің және көптеген басқа елдің көзқарасы», — деді Трамп Мар-а-Лаго резиденциясында сөйлеген сөзінде.

Украинада әскери жағдай жарияланған, бұл ел заңнамасына сәйкес соғыс уақытында сайлау өткізуге тыйым салады. Бірақ Трамптың бұл мәлімдемесі Батыстың Киевке қысым көрсетуін білдіруі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар