$ 540.78 € 618.65 ₽ 6.71

Трамп 240 мыңға жуық украиналық босқынды елден шығаруы мүмкін

Редакция
07 наурыз 2025 03:43 4037
Трамп 240 мыңға жуық украиналық босқынды елден шығаруы мүмкін Сурет авторы: Anna Moneymaker / Getty Images

АҚШ президенті Дональд Трамп 240 мыңға жуық украиналық босқынның уақытша құқықтық мәртебесін жою мүмкіндігін қарастырып жатқанын мәлімдеді. Бұл олардың АҚШ-тан депортациялануына әкелуі мүмкін, деп хабарлады Reuters.

Трамп журналистерге бұл шешімді «жақын арада» қабылдайтынын, бірақ «ешкімге зиян келтіруді көздемейтінін» айтты.

Украиналықтарға қатысты бұл шара Трамп әкімшілігінің көші-қон саясатын қатаңдату аясында жүзеге асырылуы мүмкін. Бұған дейін экс-президент Джо Байденнің басқаруында енгізілген гуманитарлық бағдарламалар арқылы 1,8 миллионнан астам мигрантқа уақытша АҚШ-та қалуға рұқсат берілген еді.

Трамптың жоспары жүзеге асатын болса, украиналық босқындардың мәртебесі сәуір айында жойылуы мүмкін. Бұл шешім өткен аптада Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленский арасында орын алған пікірталасқа дейін-ақ жоспарланған.

Сонымен қатар бұл өзгерістер 530 мың кубалық, гаитилік, никарагуалық және венесуэлалық мигранттарға, сондай-ақ 70 мыңға жуық Ауғанстаннан қашқан азаматтарға да әсер етуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар