$ 466.08 € 538.56 ₽ 5.65

Сирияның бұрынғы президенті Башар Асад өлім жазасына кесілді

Абдрахманов Мағжан
11 тамыз 2026, 16:01
Сирияның бұрынғы президенті Башар Асад өлім жазасына кесілді Сурет авторы: Mikhail Tereshchenko/TASS

Дамаск соты Сирияның бұрынғы президенті Башар Асадты өлім жазасына кесті. Бұл туралы Сирияның мемлекеттік SANA ақпарат агенттігі хабарлады.

Асад, оның туысы, Дераа провинциясының саяси қауіпсіздік қызметін басқарған Атиф Наджиб және тағы жеті адам әскери қылмыс жасау, адам өлтіру, азаптау және Сирия халқына қарсы қылмыс жасау бойынша айыпты деп танылды.

Іс 2011 жылы Дераа провинциясында билікке қарсы өткен бейбіт наразылықтарды күшпен басуға байланысты қозғалған. Сол кезде Асад билігі наразылыққа қатысушыларды жаппай ұстап, азаптаған. Қақтығыстар салдарынан адамдар қаза тапты. Дераада басталған толқулар кейін бүкіл елге тарап, ұзаққа созылған азаматтық соғысқа ұласты.

2024 жылдың соңында Сирияда Башар Асад билігі құлады. Ол отбасымен бірге Ресейге кетіп, сол елден баспана алды. Сирияның қазіргі билігі Асадты тұтқындауға ордер берген.

The New York Times мәліметінше, қазір Асад отбасымен Мәскеу маңында тұрады.

Соңғы жаңалықтар