$ 447.14 € 500.35 ₽ 5.24

«Сенесіз бе, сенбейсіз бе...»: Трамп Украинадағы соғысты тоқтатудың соңғы кезеңіне келгенін мәлімдеді

Редакция
07 қазан 2026, 09:38
«Сенесіз бе, сенбейсіз бе...»: Трамп Украинадағы соғысты тоқтатудың соңғы кезеңіне келгенін мәлімдеді Сурет авторы: shutterstock

АҚШ Президенті Дональд Трамп Украинадағы қақтығысты реттеу процесі финалдық межеге жақындап қалғанын мәлімдеп, жақын арада Ресей басшысы Владимир Путинмен сөйлесетінін хабарлады. Бұл туралы Fox News хабарлайды.

Трамптың айтуынша, сырт көзге жағдай баяу дамып жатқандай болып көрінгенімен, бейбіт келісімге келу процесі іс жүзінде өте қарқынды жүріп жатыр.

«Сенесіз бе, сенбейсіз бе, сырттан олай болып көрінбеуі де мүмкін, бірақ бұл жағдай шынымен де соңына жақындап келеді», - деп атап өтті АҚШ басшысы.

Ол бұл мәселені жеке өз бақылауында ұстап, қақтығысты тоқтату бағытында үзіліссіз жұмыс істеп жатқанын жеткізді. Мұнымен қоса, Трамп Ресей Президентімен тікелей байланыстың жаңа кезеңі басталатынын, жақын арада сөйлесуді жоспарлап отырғанын аңғартты.

Соңғы жаңалықтар