Ресей Калининград қоршауға алынса, ядролық қару қолдануы мүмкін екенін ескертті
Сурет авторы: ТАСС
Ресей НАТО елдері Калининград облысын елдің қалған бөлігінен оқшаулауға әрекет жасаса, Мәскеу өз аумағын қорғау үшін ядролық қаруды қоса алғанда, қолындағы барлық қаруды қолдануға дайын екенін мәлімдеді. Мұндай ескерту Ресейдің Еуропадағы бірнеше елшілігінің мәлімдемелерінде айтылған. НАТО Ресейден осындай мазмұндағы бейресми дипломатиялық құжат алғанын растады.
Ресейдің Ирландиядағы елшілігі 29 қыркүйекте таратқан мәлімдемесінде мұндай жағдайда қарулы қақтығыс қаупі артып, оның бастапқы кезеңінде НАТО елдеріндегі шешім қабылдау орталықтарына соққы жасалуы мүмкін екенін мәлімдеген.
Ресей НАТО-ны Калининградты оқшаулауға дайындалып жатыр деп айыптады
Ресей тарапы НАТО Калининград облысын әуе және теңіз арқылы қоршау сценарийін қарастырып жатыр деп мәлімдеді. Мәскеудің бұл тұжырымын Associated Press те Ресейдің НАТО-ға жасаған ескертуіне сілтеме жасап хабарлады.
Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова НАТО-ның Ресей шекарасына жақын аумақта өткізетін жаттығуларында Калининград облысын қоршау, Балтық теңізіндегі Ресей порттарын оқшаулау және Сувалки дәлізі арқылы әскер өткізу сценарийлері пысықталып жатыр деп мәлімдеді. Бұл – Ресей тарапының мәлімдемесі.
Мәскеу сондай-ақ Еуропада Ресейдің ықтимал шабуылы туралы айтылып жүрген ескертулерді жоққа шығарып, Еуропа елдеріне басып кіру жоспары жоқ екенін мәлімдеді.
НАТО: Ресей аумағына қауіп төндіріп отырған жоқпыз
НАТО Ресейдің мәлімдемесіне жауап беріп, альянстың қорғаныс мақсатындағы ұйым екенін және оның әрекеттері Ресей аумағына қауіп төндірмейтінін айтты. Альянс Ресейдің ядролық қаруға қатысты мәлімдемелерін айыптады.
30 қыркүйекте НАТО бас хатшысы Марк Рютте Ресейден хат келгенін және оған жауап берілгенін растады. Ол хаттың нақты мазмұнын жарияламады, бірақ НАТО Мәскеуге ядролық қатер туралы мәлімдемелерді тоқтатуға шақырғанын айтты.
НАТО өкілі Эллисон Харт та альянстың қорғаныс сипатын атап өтіп, Ресейдің күш қолдану туралы ескертуін және ядролық қаруға қатысты мәлімдемелерін жауапсыз риторика деп бағалады. НАТО Украинаға қолдау көрсетуді жалғастыратынын мәлімдеді.
Калининград неге маңызды?
Калининград облысы – Ресейдің негізгі аумағынан бөлек жатқан өңір. Ол Балтық теңізінің жағасында, НАТО мен Еуропалық одаққа мүше Польша және Литваның арасында орналасқан. Сондықтан өңірге қатысты әскери қауіпсіздік мәселелері Ресей мен НАТО арасындағы қарым-қатынаста ерекше орын алады.
Қазіргі мәлімдемелер нақты басталған қоршау немесе әскери операция туралы емес. Ресей НАТО мұндай әрекетке баруы мүмкін деген өз бағасына сүйеніп ескерту жасап отыр, ал НАТО Ресей аумағын қоршау немесе оған шабуыл жасау ниетін жоққа шығарады.
Соңғы жаңалықтар
-
Отбасы неғұрлым мұқтаж болса, мемлекет көмегі соғұрлым артады – Еңбек министрі
16 сағат бұрын
-
Қандай жәрдемақылар табысқа қарамай төленеді? Толық тізім
17 сағат бұрын
-
Еңбек министрі табысы мен мүлкін жариялап, отбасының санатын тексерді
17 сағат бұрын
-
Бала туғандағы төлем кімге беріледі: А-дан Е-ге дейінгі санаттар бойынша түсіндірме
17 сағат бұрын
-
NURORDA-ның екі оқушысы халықаралық физика олимпиадасының күміс жүлдегері атанды
18 сағат бұрын
-
Ұлттық банк борышкердің шотында ең төменгі күнкөріс мөлшерін қалдыруды қолдады
18 сағат бұрын
-
200-ден астам қазақстандық жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты
18 сағат бұрын
-
Қазақстан Орталық Азияда бірінші болып жаңа халықаралық бастамаға қосылды: ол не береді?
19 сағат бұрын
-
Қазақстан Газаны қалпына келтіруге үлес қосуға дайын екенін мәлімдеді
19 сағат бұрын
-
Үйі мен көлігі бар отбасы да жәрдемақы ала алады – Еңбек министрлігі
22 сағат бұрын
-
Астанада 170 пәтерді заңсыз иемденбек болған: іске полицейлердің де қатысы болуы мүмкін
23 сағат бұрын
-
Боқаевқа Қылмыстық кодекстің бірден бес бабы бойынша айып тағылуда – Алматыда сот процесі басталды
23 сағат бұрын
-
407 мың қазақстандық Ұлттық қордағы жинағын пайдаланды: ақша қайда жұмсалды?
23 сағат бұрын
-
2027 жылдан бастап екі әлеуметтік төлем 8,5%-ға өсуі мүмкін
1 күн бұрын
-
Navai-дың ұсталуына байланысты Ресей Қазақстанға нота жолдады
1 күн бұрын
-
Семейде нәрестені қоқыс жәшігіне тастаған бұрынғы полицей өмір бойына сотталды
1 күн бұрын
-
30 мыңнан астам қазақстандық әйел бала күтіміне берілетін жәрдемақыдан қағылуы мүмкін
1 күн бұрын
-
Тоқаев Израиль Президентімен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады
1 күн бұрын
-
Reuters: Қазақстанмен байланыстырылған хакерлер Ресейдегі мұнай өңдеу зауытына шабуыл жасаған
1 күн бұрын
-
Алматылық жастар кітап оқып, ақшалай сыйлық ұта алады
1 күн бұрын
-
Еуроодақ ресейліктерге кіру тәртібін қиындатпақ: Шенген аймағында не өзгеріп жатыр?
1 күн бұрын
-
Отбасы банк қазақстандықтарға алты ай күтпей-ақ пәтер сатып алуға мүмкіндік берді
1 күн бұрын
-
Астанада автобус жолақысы 150 теңгеге дейін өсті
1 күн бұрын
-
Зумерлердің жаңа құпиясы: Кэшбэктер мен банк бонустары қымбатшылықты қалай жеңіп жатыр
2 күн бұрын
-
БҰҰ Қазақстанды тұрмыстағы зорлық-зомбылықты жеке қылмыс ретінде тануға шақырды
2 күн бұрын
-
Футбол тарихындағы ең ірі инвестиция: Қазақстан ФИФА-дан қанша миллиард тенге алады?
2 күн бұрын
-
Рэпер Navai Қазақстан шекарасында есірткімен ұсталды
2 күн бұрын
-
ШҚО-да үй өртеніп, әйел мен екі бала қаза тапты
2 күн бұрын
-
Astana Media Week 2026 аясында медиа саласындағы жасанды интеллекттің рөлі талқыланды
2 күн бұрын
-
2027 жылдан бастап Қазақстанға кіру тәртібі өзгереді
2 күн бұрын
-
Қазақстандықтардың деректері шетелде өңделе ме: Yandex-тегі ақаудан кейін депутаттар тексеріс талап етті
2 күн бұрын
-
Қошанов: Реформалар елді бүгін өзгертсе, құндылықтар оның елу жылдан кейін қандай болатынын айқындайды
2 күн бұрын
-
Табыс қана емес: Қазақстанда жәрдемақы алатындардың шығыны да тексеріледі
2 күн бұрын
-
Ең төменгі жалақы 150 мың теңге бола ма? Жұманғарин жауап берді
2 күн бұрын
-
Қазақстанда 529 мың адам жәрдемақыдан қағылуы мүмкін
2 күн бұрын
-
РФММ-дегі балалардың жаппай улануы: асханадан заң бұзушылықтар табылды
2 күн бұрын
-
Үкімет жәрдемақыны қысқартып, қанша қаржы үнемдемек
2 күн бұрын
-
Маман тапшылығы шектен шықты: Елдегі ең дефицит дәрігер мамандықтары анықталды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда жол салу жүйесі түбегейлі өзгермек
3 күн бұрын
-
Алматыда 47 оқушы ауруханаға түсті: РФММ жұмысы уақытша тоқтатылды
3 күн бұрын
-
Астанада жолаушыға әдепсіз ұсыныс айтқан inDrive жүргізушісі 10 тәулікке қамалды
3 күн бұрын
-
Ипотека алу жеңілдей ме: Үкімет алғашқы жарнаны азайтуды тапсырды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 29 қарашада өтеді
3 күн бұрын
-
17 жылға бас бостандығынан айырылды : Астанада Telegram арқылы есірткі сатқандар сотталды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда жыл басынан бері 356 мың жеке кәсіпкер есептен шығарылды
3 күн бұрын
-
Қазақстандықтардың нақты табысы қаншалықты өсті?
3 күн бұрын
-
Астанада бір кеште 50 отбасы баспаналы болды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасын төмендету мәселесі тағы да көтерілді
3 күн бұрын
-
Қазақстан АЭС салуға қаншалықты дайын: МАГАТЭ миссиясы Астанаға келді
3 күн бұрын
-
Каспий жағалауынан тағы 15 итбалықтың өлексесі табылды
3 күн бұрын