$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Ресей делегациясы Украинамен келіссөз жүргізу үшін Стамбұлға келді

Редакция
15 мамыр 2025 06:16 4685
Ресей делегациясы Украинамен келіссөз жүргізу үшін Стамбұлға келді Сурет авторы: Global Look Press/Caro/Schwarz

Бұл ақпаратты ТАСС, РИА Новости және Интерфакс агенттіктері таратты.

Келіссөздер Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның жұмыс кеңсесі орналасқан Долмабахче сарайында өтуі мүмкін.

Келіссөзге Ресей делегациясын президент көмекшісі Владимир Мединский бастап келгені белгілі болды. Ал Украина президенті Владимир Зеленский бұған дейін Түркияда Ресей президенті Владимир Путинмен жеке кездесу өткізуге ниетті екенін мәлімдеген еді.

Ресей Сыртқы істер министрлігінің өкілі Мария Захарованың айтуынша, келіссөздер түрік тараптың бастамасымен түстен кейінгі уақытқа ауыстырылған.

Сонымен қатар АҚШ президенті Дональд Трамп 15 мамыр күні Катарда сөйлеген сөзінде, егер келіссөздерде ілгерілеу байқалса, жұма күні Түркияға ұшуға дайын екенін айтты.

«Бір нәрсе шешіліп жатса, мен жұма күні барар едім», – деді Трамп.

Соңғы жаңалықтар