Болоньяда өткен Әлемдік иттер көрмесінде (World Dog Show 2026) қазақ тазысы топ жарып, әлем чемпиондары атанды
Сурет авторы: Союз кинологов
Италияның Болонья қаласында өткен ең ірі халықаралық кинологиялық шара – «World Dog Show 2026» дүниежүзілік көрмесінде қазақ тазысы тұңғыш рет кең көлемде таныстырылды. Көрме қорытындысы бойынша елімізден қатысқан барлық ит жоғары дәрежелі «Үздік» деген бағаға ие болды. Соның ішінде екі тазы Әлем чемпионы, ал тағы екі ит Жастар арасындағы әлем чемпионы атағын жеңіп алды.
«World Dog Show 2026» қорытындысы
Халықаралық сарапшылардың шешімімен астаналық Лашын атты тазы тұқымның ең үздік өкілі әрі жарыс жеңімпазы деп танылды. Сондай-ақ, Лашын мен астаналық Рея Әлем чемпионы титулын қанжығасына байлады. Жастар арасындағы әлем чемпионы атағы алматылық Челси мен Табиғатқа берілді.
Сонымен қатар Лашын көрменің үздік төбеті, Рея үздік қаншығы болып танылды. Жастар санатында Челси үздік төбет-юниор, ал Табиғат үздік қаншық-юниор ретінде бағаланды. Жеңістен кейін жарысты ары қарай жалғастырған Челси құмай тазылар арасында 4-орынға тұрақтап, қазақ тазысының әлемдік аренадағы тарихи нәтижесін тіркеді.

5 маусымда өткен «Club Show 2026» аясында Лашын тұқымның үздік өкілі атанса, астаналық Ақтабан үздік төбет-юниор, Табиғат үздік қаншық-юниор, ал Рея үздік қаншық деп танылды.
«ENCI Winner 2026» бәсекесінде астаналық Перс жеңімпаз атанып, өз жас ерекшелігі бойынша құмай тазылар арасындағы жарысты жалғастырып, 4-орынды иеленді.
Көрме бағдарламасының жалпы қорытындысы бойынша Дастер, Лашын, Рея, Перс, Арлан және Кербезге «Италия чемпионы» титулы берілді. Сарбаз чемпиондар класының резервтік жеңімпазы атанды. Челси, Табиғат және Ақтабан «Италияның жас чемпионы» атағын қорғап шықты.
2 маусымда Халықаралық кинологиялық федерацияның (FCI) IV Бүкіләлемдік төрешілер конгресі шеңберінде Қазақстан кинологтар одағы қазақ тазысына арналған арнайы дәріс оқыды. Дүниежүзінен жиналған сарапшы-төрешілерге тұқымның шығу тарихы, оның қазақ мәдениетімен байланысы, экстерьері, қозғалыс ерекшеліктері, мінез-құлқы және рингтегі бағалау ерекшеліктері туралы маңызды ақпарат берілді.
Бұл шара стратегиялық тұрғыдан үлкен маңызға ие. Себебі, тазы тұқымы 2024 жылы ғана FCI тарапынан алдын ала танылған болатын. Сондықтан әлемдік деңгейдегі әрбір таныстырылым тұқымның халықаралық деңгейде түпкілікті мойындалуына тікелей ықпал етеді.

«TOP Dog 2026» халықаралық шоу-бағдарламасына Қазақстанның тұңғыш рет қатысуы көрменің тарихи сәтіне айналды. Көрменің бас экранында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы көрсетіліп, еліміздің атауы жарияланды. Орталық аренада Қазақстан атынан астаналық Дастер атты тазы, хендлер Карина Камибаева және Қазақстан кинологтар одағының президенті Бауыржан Серікқали бой көрсетті.

Қазақ тазысын әлемдік деңгейде дәріптеу және сақтау жұмыстары Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы аясында жүзеге асырылып жатыр. 2023 жылғы қаңтарда «Қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімінлайықтау туралы» заңға қол қойылған болатын. Осы жұмыстардың нәтижесінде 2024 жылғы қыркүйекте FCI бұл тұқымды алдын ала тіркеп, Қазақстанға шығыу тегі елі мәртебесін бекітті. Тұқымның халықаралық деңгейде түпкілікті танылуы үшін селекциялық және көрмелік мәліметтерді жинақтау процесі жалғаса береді.
Соңғы жаңалықтар
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
1 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
1 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
2 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
2 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
2 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
2 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
2 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
2 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
2 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
2 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
2 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
2 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
2 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
2 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
3 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
4 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
4 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
4 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
4 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
5 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
5 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
5 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
5 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
5 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
5 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
5 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
5 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
5 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
5 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
5 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
5 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
5 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
5 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
5 күн бұрын
-
Бұрынғы министр Асхат Оралов «Әділет» партиясының басшылығына келді
5 күн бұрын
-
Доллар 300 теңге болуы мүмкін бе: экономист болжамын айтты
5 күн бұрын
-
Қазақстан корей компаниясымен бірге спутник шығаруды жоспарлап отыр
5 күн бұрын
-
Трамп Ресей мен Украина энергетикалық бітімге келді деп мәлімдеді
5 күн бұрын
-
Қала күніне арналған рухани тарту: Алматылықтарды тегін кітап жәрмеңкесі күтеді
5 күн бұрын
-
2027 жылы Қазақстандағы орташа зейнетақы қанша болады
6 күн бұрын
-
«Қытайдан озықпыз»: Трамп жасанды интеллект дамуын баяулатуға қарсы шықты
6 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттары азаматтарды жеке қабылдай бастайды
6 күн бұрын
-
Атырау қаласының әкімі қызметінен өз еркімен кетті
6 күн бұрын
-
Қазақстан мұнай өңдеу көлемін екі еседен астам арттырмақ
6 күн бұрын
-
The Finiko қаржы пирамидасының күдіктісі Түркиядан Қазақстанға жеткізілді
6 күн бұрын
-
Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында сұраныс азайды
6 күн бұрын
-
Сұлулық өнімдерінің жасырын қаупі: L’Oreal қатерлі ісік тудыруы мүмкін
6 күн бұрын
-
Әлемдік мұнайдың 4 пайызына қауіп төнді: Brent 107 доллардан асты
6 күн бұрын
-
Катонқарағай әуежайының ашылу мерзімі өзгерді
6 күн бұрын
-
Таиландқа баратын қазақстандықтарға маңызды өзгеріс: жаңа тәртіп 15 қыркүйекте күшіне енеді
6 күн бұрын