"Біздің соғыс емес": АҚШ Украина мен Ресейді татуластырудан бас тартуы мүмкін
АҚШ Президенті Дональд Трамп алдағы күндері Ресей мен Украина арасындағы бейбіт келісімге қол жеткізу мүмкін болмайтын жағдайда бұл бастамадан бас тартуы мүмкін. Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Париждегі келіссөздерден кейін мәлімдеді, деп хабарлады BBC-дің орыс қызметі.
«Біз бұл іспен айлар бойы айналыспаймыз. Сондықтан алдағы бірнеше күн ішінде бұл мәселені нақтылап алуымыз керек. Егер алдағы апталарда бейбіт келісімге қол жеткізуге мүмкіндік болса, біз дайынбыз. Ал егер болмасаса, бізде басқа да маңызды басымдықтар бар», — деді Рубио.
Бұл мәлімдеме 17 сәуір күні Парижде өткен келіссөздерден кейін жасалды. Келіссөздерге АҚШ, Украина және Еуропа елдерінің делегациялары қатысты. Бұған дейін Трамп әкімшілігі Ресей және Украинамен жеке келіссөздер жүргізіп, Еуропаны бұл процестен тыс қалдырған болатын.
Париждегі кездесуге АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио және Трамптың арнайы өкілі Стивен Уиткофф қатысты. Уиткофф өткен аптада Санкт-Петербургте Владимир Путинмен кездескен. Украина атынан Сыртқы істер және Қорғаныс министрлері, сондай-ақ Президент кеңсесінің басшысы болды. Кездесуге сонымен қатар Франция Президенті Эммануэль Макрон, Ұлыбритания және Германия сыртқы істер министрлері де қатысты.
«Президент бұл мәселені қатты уайымдайды. Ол бұл процеске көп уақыт пен күш жұмсады. Бұл маңызды, бірақ дәл сондай, тіпті одан да маңызды басқа мәселелер бар. Украинадағы соғыс — қайғылы жағдай. Бірақ бұл біздің соғыс емес. Біз оны бастаған жоқпыз. АҚШ үш жылдан астам уақыт бойы Украинаға көмектесіп келеді, біз бұл соғыстың аяқталғанын қалаймыз. Егер тараптардың бірі немесе екеуі де бейбіт жолға шынымен ниетті болса, біз көмектесуге дайынбыз. Егер олай болмаса — біз басқа бағытқа бет аламыз», — деді Рубио өз сөзінде.
Еске салайық, Трамп сайлауалды кампаниясында президенттікке келісімен 24 сағат ішінде Украинадағы соғысты тоқтатуға уәде берген еді. Кейін бұл мерзімді алты айға дейін ұзартатынын айтқан.
Қазіргі таңда Трамп екі тарапты келіссөзге итермелеуге тырысып жатыр. Ол Ресейге қарсы санкцияны күшейту және Украинаға миллиардтаған долларлық әскери көмекті тоқтату арқылы қысым көрсетіп отыр.
Алдағы жағдай қалай өрбитіні әзірге белгісіз. АҚШ қазіргі саясатын өзгеріссіз сақтап қалуы мүмкін немесе Украинаға қолдау көрсетуді доғару туралы шешім қабылдауы ықтимал.
Reuters агенттігіне пікір білдірген үш еуропалық дипломатиялық дереккөздің айтуынша, Рубионың мәлімдемесі — Трамп әкімшілігінің Ресейдің бейбітшілікке келудегі қырсықтығына қатысты өсіп келе жатқан ренішін көрсетеді.
Егер Вашингтон келіссөздерден бас тартса, олардың сәтсіз аяқталу ықтималдығы жоғары, өйткені Мәскеуге де, Киевке де АҚШ секілді қысым көрсете алатын басқа мемлекет жоқ.
Соңғы жаңалықтар
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
1 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
1 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
2 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
2 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
2 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
2 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
2 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
2 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
2 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
2 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
2 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
2 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
2 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
2 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
3 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
4 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
4 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
4 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
4 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
5 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
5 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
5 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
5 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
5 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
5 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
5 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
5 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
5 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
5 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
5 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
5 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
5 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
5 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
5 күн бұрын
-
Бұрынғы министр Асхат Оралов «Әділет» партиясының басшылығына келді
5 күн бұрын
-
Доллар 300 теңге болуы мүмкін бе: экономист болжамын айтты
5 күн бұрын
-
Қазақстан корей компаниясымен бірге спутник шығаруды жоспарлап отыр
5 күн бұрын
-
Трамп Ресей мен Украина энергетикалық бітімге келді деп мәлімдеді
5 күн бұрын
-
Қала күніне арналған рухани тарту: Алматылықтарды тегін кітап жәрмеңкесі күтеді
5 күн бұрын
-
2027 жылы Қазақстандағы орташа зейнетақы қанша болады
6 күн бұрын
-
«Қытайдан озықпыз»: Трамп жасанды интеллект дамуын баяулатуға қарсы шықты
6 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттары азаматтарды жеке қабылдай бастайды
6 күн бұрын
-
Атырау қаласының әкімі қызметінен өз еркімен кетті
6 күн бұрын
-
Қазақстан мұнай өңдеу көлемін екі еседен астам арттырмақ
6 күн бұрын
-
The Finiko қаржы пирамидасының күдіктісі Түркиядан Қазақстанға жеткізілді
6 күн бұрын
-
Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында сұраныс азайды
6 күн бұрын
-
Сұлулық өнімдерінің жасырын қаупі: L’Oreal қатерлі ісік тудыруы мүмкін
6 күн бұрын
-
Әлемдік мұнайдың 4 пайызына қауіп төнді: Brent 107 доллардан асты
6 күн бұрын
-
Катонқарағай әуежайының ашылу мерзімі өзгерді
6 күн бұрын
-
Таиландқа баратын қазақстандықтарға маңызды өзгеріс: жаңа тәртіп 15 қыркүйекте күшіне енеді
6 күн бұрын