$ 476.07 € 541.86 ₽ 6.08

Берлинде ЛГБТ шеруіне шыққандарды көлік қақты: бір адам қаза тапты

Абдрахманов Мағжан
26 шілде 2026, 17:33
Берлинде ЛГБТ шеруіне шыққандарды көлік қақты: бір адам қаза тапты Сурет авторы: Reuters

Берлинде 25 шілде кешінде Christopher Street Day шарасы өтіп жатқан аумақта көлік адамдарды қағып, салдарынан бір әйел қаза тапты. Тағы 16 адам жараланды, оның үшеуінің жағдайы өте ауыр. Германия полициясы оқиғаны қасақана жасалған шабуыл болуы мүмкін деген күдікпен тергеп жатыр. 

Оқиға шамамен сағат 22:00-де Тиргартен саябағында болған. Тергеу дерегінше, көлік Ахорнштайг жолымен жүріп, бірнеше адамды қаққаннан кейін ағашқа соғылған. Жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. Кейбір жараланғандардан пышақ жарақаты табылғаны да хабарланды, алайда бұл жайттың мән-жайы әлі анықталып жатыр. 

Полиция 21 жастағы күдіктіні анықтағанын хабарлады. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ол бұған дейін полицияға белгілі болған және Берлиндегі радикалды исламшыл ортаға қатысы бар деп есептеледі. Қазір күдіктіні іздеу жалғасып жатыр, тергеушілер оның жалғыз әрекет еткен-етпегенін де тексеруде. 

Оқиғадан кейін Christopher Street Day мерекелік бағдарламасы тоқтатылып, Тиргартен аумағы қоршауға алынды. Берлин мэрі Кай Вегнер болған жайтты қаланың еркін әрі ашық қоғамына жасалған шабуыл деп атады. Германия канцлері Фридрих Мерц қылмысты айыптап, кінәлілер жауапқа тартылатынын мәлімдеді. 

Christopher Street Day – Берлинде жыл сайын өтетін ЛГБТ құқықтарын қолдауға арналған ірі шаралардың бірі. Биыл оған жүздеген мың адам қатысқан. 

Соңғы жаңалықтар