$ 479.26 € 546.21 ₽ 6.13

Апат аймағынан хабар: 2200-ден астам адам қайтыс болып, 12 мың тұрғын баспанасыз қалды

Редакция
02 шілде 2026, 09:37
Апат аймағынан хабар: 2200-ден астам адам қайтыс болып, 12 мың тұрғын баспанасыз қалды Сурет авторы: Reuters

Венесуэладағы табиғи апат салдарынан қаза болғандардың саны күрт өсті. Ұлттық ассамблеяның төрағасы Хорхе Родригестің мәлімдеуінше, жойқын жер сілкінісі 2295 адамның өмірін қиды, деп хабарлайды Cadenaser.com

Қазіргі таңда 11 мыңнан астам адам түрлі жарақат алып, 12 мыңнан астам тұрғын баспанасыз қалған. Апат аймағында төтенше жағдай режимі жалғасуда. Іздестіру-құтқару жұмыстарына 4 мыңнан астам маман жұмылдырылып, үйінді астынан 6,4 мыңнан астам адам аман шығарылды.

Билік өкілдері негізгі дүмпуден кейін 782 афтершок тіркелгенін, қазіргі уақытта жер сілкінісінің интенсивтілігі біртіндеп азайып келе жатқанын хабарлады. Сонымен қатар қайғылы жағдайды пайдаланып, тонаушылықпен айналысқан төрт полиция қызметкері ұсталды. Елде жеті күндік ұлттық аза тұту жарияланды.

Халықаралық қауымдастық та бей-жай қалмады: 51 мемлекеттен келген 3,7 мыңнан астам құтқарушы мен арнайы үйретілген 148 іздестіру иті зардап шеккендерге қол ұшын созуда. Айта кетейік, Венесуэла аумағында бұған дейін магнитудасы 7,2 және 7,5 болатын екі қуатты жерасты дүмпуі тіркелген болатын.

Соңғы жаңалықтар