$ 540.78 € 618.65 ₽ 6.71

Алтын бағасы тарихи рекорд жаңартты

Редакция
16 сәуір 2025 03:34 1730
Алтын бағасы тарихи рекорд жаңартты Сурет авторы: pixabay

Нью-Йорктағы Comex биржасындағы мәліметке сәйкес, маусым айындағы алтын фьючерстерінің құны 1,88%-ға өсіп, бір троя унциясы үшін 3301,4 долларға жетті. Бұл – осы айдағы үшінші рекордтық көрсеткіш. Бұған дейінгі ең жоғары баға 11 сәуірде тіркелген болатын – 3255,9 доллар.

Bloomberg агенттігі 2025 жылдың үшінші тоқсанында алтын бағасы 3,5 мың долларға дейін жетуі мүмкін деп болжады. Сарапшылардың айтуынша, бұл – алтынның қорғаныш актив ретіндегі рөлінің артуының белгісі.

Мамандар алтынның қымбаттауын жаһандық экономикалық белгісіздік пен инфляциялық тәуекелдердің күшеюімен байланыстырып отыр. Инвесторлар сенімді әрі ұзақмерзімді актив ретінде алтынға бет бұра бастады.

Соңғы жаңалықтар