$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

АҚШ Украинадағы атысты Пасха мерекесіне дейін тоқтатуға үміттеніп отыр – Bloomberg

Редакция
23 наурыз 2025 13:04 1260
АҚШ Украинадағы атысты Пасха мерекесіне дейін тоқтатуға үміттеніп отыр – Bloomberg Сурет авторы: Getty Images

АҚШ әкімшілігі Украинадағы әскери қақтығыстарды бірнеше аптаның ішінде тоқтатуға үміттенеді. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлады.

Ақпарат көздерінің айтуынша, Ақ үй Украинадағы атысты тоқтату туралы келісімге 20 сәуірге дейін қол жеткізуге ұмтылады. Биыл бұл дата батыс және православие шіркеулерінің Пасха мерекесімен тұспа-тұс келіп отыр. Дегенмен тараптардың позициясындағы үлкен айырмашылықтарға байланысты бұл мерзім кейінге шегерілуі мүмкін екені атап өтілген.

Алдағы күндері АҚШ ресми өкілдері Сауд Арабиясында Ресей және Украина өкілдерімен жеке-жеке кездесіп, параллель келіссөздер өткізбек. Онда энергетикалық инфрақұрылымға соққы беруді 30 күнге тоқтату мәселесі талқыланады.

Сонымен қатар Bloomberg-тің дереккөздері Ресейдің атысты тоқтату туралы келісімге қару-жарақ пен барлау ақпаратын Украинаға жеткізуді тоқтату сынды қатаң талаптар қойғанын айтты. Ақ үй бұған дейін Украинаға қысым жасау үшін әскери көмекті уақытша тоқтатқан еді, алайда әзірге ешқандай шектеуге келіскен жоқ.

Соңғы жаңалықтар