$ 540.78 € 618.65 ₽ 6.71

Жылан шаққанға қарсы жаңа дәрі шығады

Редакция
25 желтоқсан 2024 01:57 4711
Жылан шаққанға қарсы жаңа дәрі шығады Сурет авторы: Pixabay

Сидней университеті мен Ливерпуль тропикалық медицина мектебінің ғалымдары кобраның уынан қорғайтын жаңа дәрі жасап шығарды. Қан сұйылтқыш ретінде қолданылатын гепарин препараты удың әсерінен болатын тері мен тіндердің зақымдануын азайтып, адам өмірін сақтауға көмектеседі.

Ғалымдар заманауи зерттеу әдістерін қолданып, удың адам ағзасына қалай әсер ететінін анықтады. Сол арқылы гепаринді "алдамшы" молекула ретінде пайдаланып, уды бейтараптандыруға болатынын дәлелдеді. Бұл дәрі қазіргі қолданылып жүрген антидоттарға қарағанда тиімді әрі арзан.

Жыл сайын жылан шаққаннан 138 мың адам қайтыс болып, 400 мың адам жарақат алады. Жаңа дәрі әсіресе Африка мен Азияның кедей елдерінде өлім-жітімді азайтуға мүмкіндік береді. Ғалымдар дәріні жақын арада қолданысқа енгізуді жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар