$ 540.78 € 618.65 ₽ 6.71

Ыстанбұл жағалауларынан мина табылды

Редакция
23 желтоқсан 2024 03:47 3637
Ыстанбұл жағалауларынан мина табылды Сурет авторы: Soner Şen/AA

Ыстанбұлдың Шиле ауданына қарасты Ағва ауылының жағалауында азаматтар теңізде белгісіз затты байқап, бұл туралы аудандық жандармерияға айтқан, деп хабарлады Haber Turk.

Хабарлама бойынша оқиға орнына жандармерия мен Жағалау күзеті командалығына қарасты топтар жіберілді.

Алғашқы тексеру нәтижесінде табылған заттың теңіз минасы екені анықталды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Ағва жағажайы мен Ағва шамшырағының маңында арнайы қауіпсіздік шаралары қабылданды.

Мина 23 желтоқсан күні таңертең арнайы мамандардың қатысуымен залалсыздандырылатыны хабарланды.

Соңғы жаңалықтар