$ 540.78 € 618.65 ₽ 6.71

Вашингтондағы әуе апаты: Потомак өзенінен 18 адамның мәйіті табылды

Редакция
30 қаңтар 2025 03:49 2660
Вашингтондағы әуе апаты: Потомак өзенінен 18 адамның мәйіті табылды Сурет авторы: Carlos Barria / Reuters

Вашингтонда жолаушылар ұшағы мен әскери тікұшақтың соқтығысуынан кейін адамдарды іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. CBS News-тің мәліметінше, құтқарушылар қазірге дейін 18 адамның мәйітін тапқан, алайда тірі қалғандар туралы ақпарат жоқ.

АҚШ сенаторы Тед Круз қаза тапқандардың бар екенін растады, бірақ нақты санын атаған жоқ.

Құтқару операциясы күрделі ауа райы жағдайында жүргізіліп жатыр. Қазіргі кезде Потомак өзеніндегі су температурасы 1,5°C-тан аспайды. Мұндай жағдайда адам 10-15 минут ішінде суықтан есінен танып, өміріне қауіп төнуі мүмкін.

Қайғылы оқиға өткен түнде орын алды. Жолаушылар лайнері қонуға бет алған кезде әскери тікұшақпен соқтығысып, өзенге құлаған.

Соңғы жаңалықтар