$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Трамп Сирияға салынған санкцияларды алып тастайды

Редакция
14 мамыр 2025 01:11 4594
Трамп Сирияға салынған санкцияларды алып тастайды Сурет авторы: AP Photo / Evan Vucci

АҚШ президенті Дональд Трамп Сирияға қарсы санкцияларды алып тастау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Euronews хабарлады. Ақ үй басшысының айтуынша, шешім Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман мен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кеңескеннен кейін қабылданған.

БАҚ мәліметінше, Трамп пен Сирияның уақытша президенті Ахмет аш-Шараа арасында жеке кездесу өткізілуі мүмкін. Кездесу Эр-Риядта өтетін Парсы шығанағы елдері мен АҚШ саммиті аясында жоспарланып отыр. Әзірге бұл ақпарат ресми расталмағанымен, дереккөздер 45 минуттық келіссөздер қарастырылып жатқанын хабарлады.

Санкцияларды алып тастау – аш-Шараа басшылығындағы жаңа биліктің басты мақсаты. Ол Батыспен қарым-қатынасты қалпына келтіруге және экономикалық қысымды азайтуға ниетті. Трамп бұған дейін «Сирияға мүмкіндік беру керек» деп мәлімдеген еді. Бұл сөздерді Дамаск «халықтың азабын жеңілдетуге үміт» деп қабылдады.

Соңғы жаңалықтар