$ 476.75 € 541.59 ₽ 6.06

Трамп пен Зеленский Ақ үйде не талқылады?

Абдрахманов Мағжан
29 шілде 2026, 11:19
Трамп пен Зеленский Ақ үйде не талқылады? Сурет авторы: АР

АҚШ президенті Дональд Трамп Украина президенті Владимир Зеленскийді Ақ үйде қабылдады. Жабық өткен кездесуде тараптар әуе қорғанысы саласындағы ынтымақтастық пен Ресей–Украина соғысын тоқтатуға бағытталған келіссөздерді қайта бастау мәселесін талқылады.

Reuters мәліметінше, Зеленский Ақ үйде бір сағаттан астам уақыт болған. Кездесуден кейін екі ел басшыларының қатысуымен баспасөз мәслихаты немесе ресми мәлімдеме жасалмады. Ақ үйдің баспасөз хатшысы Каролин Ливитт келіссөздің оң әрі нәтижелі өткенін хабарлады.

Зеленскийдің айтуынша, тараптар Украинада Patriot әуе қорғанысы жүйесіне арналған тосқауыл зымырандарын өндіруге рұқсат беру және осы бағыттағы өзге де ұсыныстарды қарастырған. Мұндай рұқсат беру жөнінде саяси келісім бұған дейін жасалған еді.

Украина президенті дипломатиялық үдерісті қайта жандандырудың маңызын атап өтті. Оның сөзінше, екі елдің өкілдері алдағы байланыстардың егжей-тегжейін келіседі. Трамп кездесу қорытындысына қатысты әзірге жеке пікір білдірген жоқ.

Соңғы жаңалықтар