$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Трамп АҚШ пен Қытай арасындағы тарифтік келіссөздерде «үлкен ілгерілеу» барын мәлімдеді

Редакция
11 мамыр 2025 07:48 4525
Трамп АҚШ пен Қытай арасындағы тарифтік келіссөздерде «үлкен ілгерілеу» барын мәлімдеді Сурет авторы: Jason Lee / Reuters

АҚШ Президенті Дональд Трамп Женевада өтіп жатқан АҚШ пен Қытай арасындағы келіссөздерге байланысты пікір білдіріп, тараптар «толық қайта жүктеу» туралы келіскенін айтты.

«Көп мәселе талқыланды, бірқатар келісімге қол жеткіздік. Үлкен ілгерілеуге қол жеткіздік», — деп жазды ол Truth Social парақшасында.

Бірақ нақты не жөнінде келісілгенін ашып айтпады.

Келіссөздер 11–12 мамыр күндері өтіп жатыр. Бұл – сәуір айында басталған сауда соғысынан кейін екі елдің жоғары деңгейдегі өкілдерінің алғашқы бетпе-бет кездесуі.

Еске сала кетейік, сәуірде Трамптың бастамасымен АҚШ Қытайдан келетін тауарларға кедендік баж салығын күрт арттырған. Қытай да симметриялы жауап беріп, нәтижесінде тарифтер 100%-дан асып, екі ел арасындағы сауда айтарлықтай тоқтаған болатын.

Соңғы жаңалықтар