$ 540.78 € 618.65 ₽ 6.71

Тибеттегі жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 126-ға жетті

Редакция
08 қаңтар 2025 01:27 2582
Тибеттегі жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 126-ға жетті Сурет авторы: Reuters
7 қаңтар күні таңертең Тибеттегі Шигадзе округінің Тингри ауданында магнитудасы 6,8 балдық жер сілкінісі тіркелді. Зілзаланың эпицентрі 10 шақырым тереңдікте болғаны анықталды. 

Жер сілкінісінен кейін аймақта 515 кейінгі дүмпу тіркелді. Оның ішінде Шигадзе қаласы аумағындағы жер асты қозғалыстарының 95%-ының магнитудасы 3,0-ден төмен болды, деп хабарлайды Қытайдың Орталық теледидары.

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин адам шығынын азайту және қайталама апаттардың алдын алу мақсатында ауқымды іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Зардап шеккен аймақтарға 1500-ден астам өрт сөндіруші мен құтқарушы, сондай-ақ қыста тұрғындарды қауіпсіздікпен және жылумен қамтамасыз ету үшін шатырлар, көрпелер мен жылы киімдер түріндегі гуманитарлық көмек жіберілді.

Құтқару жұмыстарына ауа-райының қолайсыздығы кедергі келтіруде. Аймақта ауа температурасы -16 °C-қа дейін төмендеп, таулы аймақтарға жету қиынға соғуда.309:23
 

Соңғы жаңалықтар