$ 468.88 € 534.1 ₽ 6.04

Telegram-дағы t.me домені істен шықты

Редакция
14 шілде 2026, 10:00
Telegram-дағы t.me домені істен шықты Сурет авторы: futurenow.com.ua

Жаһандық деңгейде Telegram мессенджерінің каналдарға, чаттар мен профильдерге сілтеме жасауға арналған «t.me» қысқа доменінің жұмысында ақаулар тіркелді. Қазіргі таңда аталған сілтемелер браузерлерде ашылмай тұр.

WhoIs сервисінің мәліметінше, доменге «serverHold» мәртебесі берілген, бұл өз кезегінде оның жаһандық DNS жүйесінен ажыратылуына әкеп соққан. Мамандардың пікірінше, бұл жағдайға Черногорияның ұлттық домендік аймағы операторы тарапынан енгізілген шектеулер себеп болған. Сондай-ақ, бұл шешімнің заңдық сипаттағы сұраныстарға, реттеуші органның тексерісіне немесе техникалық ақауға байланысты болуы мүмкін деген болжам бар.

Айта кетерлігі, бұл мәселе ресейлік провайдерлердің немесе Роскомнадзордың шектеулерімен байланысты емес. Кейбір пайдаланушылардың құрылғыларында локалды DNS-кэштің сақталуына байланысты сілтемелер әлі де ашылуы мүмкін. Сондай-ақ, Telegram қосымшасының ішіндегі сілтемелер, «telegram.org» сайты және «telegram.me» домені штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

WhoIs деректері бойынша «t.me» домені Telegram компаниясының иелігінде қалып отыр және оны тіркеу мерзімі 2035 жылдың мамыр айына дейін жарамды. Әзірге Telegram басшылығы жағдайға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.

Соңғы жаңалықтар