$ 540.78 € 618.65 ₽ 6.71

Путин Жеңістің 80 жылдығына орай уақытша бітім жариялады

Редакция
28 сәуір 2025 08:38 2905
Путин Жеңістің 80 жылдығына орай уақытша бітім жариялады Сурет авторы: Ресей президентінің әкімшілігі

Кремльдің хабарлауынша, Ресей Федерациясының Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Владимир Путиннің шешімімен, гуманитарлық себептерге байланысты, Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында — 7 мамырдан 8 мамырға қараған түні сағат 00:00-ден бастап 10 мамырдан 11 мамырға қараған түні сағат 00:00-ге дейін — ресейлік тарап барлық әскери әрекеттерді уақытша тоқтататынын мәлімдеді.

Ресей тарапы Украинадан да осындай қадам күтетінін атап өтті.

Сонымен бірге, егер украиналық тарап бітім режимін бұзса, Ресей Қарулы Күштері "тиісті және тиімді жауап" беретіні ескертілді.

Кремль өз мәлімдемесінде Ресейдің алдын ала шарттарсыз бейбіт келіссөздерге дайын екенін және украин дағдарысының бастапқы себептерін шешуге, халықаралық серіктестермен конструктивті ынтымақтасуға дайын екенін тағы да растады.

Соңғы жаңалықтар