$ 493.36 € 572.84 ₽ 6.29

Өзбекстан үкіметі отставкаға кетті

Редакция
19 қараша 2024, 09:58
Өзбекстан үкіметі отставкаға кетті Сурет авторы: Gazeta.uz

Өзбекстан Министрлер кабинеті жаңадан сайланған Олий Мажлис (парламент) алдында өкілеттігін тоқтататынын жариялады. Бұл туралы қаулыға 19 қарашада Премьер-министр Абдулла Арипов қол қойды.

Президенттің жарлығына сәйкес, қазіргі үкіметтің жаңа құрамын жасақтағанға дейін қызметін жалғастыратыны туралы хабарланды.

"Бұл үкімет жұмысының сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін қажет", – деп мәлімдеді премьер-министрдің баспасөз хатшысы Бекзод Хидоятов.

Соңғы жаңалықтар