$ 540.78 € 618.65 ₽ 6.71

Оңтүстік Кореяда апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшігінен ұшқыштардың әңгімелері жазылған деректер алынды

Редакция
01 қаңтар 2025 07:28 2428
Оңтүстік Кореяда апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшігінен ұшқыштардың әңгімелері жазылған деректер алынды Сурет авторы: АР

Оңтүстік Кореяда Jeju Air әуе компаниясының апатқа ұшыраған ұшағындағы қара жәшіктен ұшқыштардың әңгімелері жазылған мәліметтер алынды, деп хабарлады The Hankyoreh.

Ұшақта екі борттық жазба құрылғысы болған. Оның біреуіндегі деректер сәтті алынса, екіншісін оқу әзірге мүмкін болмады. Құрылғының зақымдануына байланысты сараптама біраз уақытқа созылып жатыр.

Оңтүстік Кореяның Көлік министрлігінің азаматтық авиация департаменті алынған мәліметтердің аудио файлдарға түрлендіріліп жатқанын мәлімдеді. Бұл жазбалар апат себептерін анықтауға үлкен көмек көрсетпек. Сарапшылар пилоттардың әңгімелерінен ұшақтың құстармен соқтығысуы немесе шассидің бұзылуы туралы маңызды ақпарат алуға болады деп болжап отыр.

Апат 29 желтоқсан күні орын алды. Бангкоктан шыққан Jeju Air ұшағы Оңтүстік Кореяның Муань әуежайында ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, қоршауға соғылған. Қайғылы оқиғада 179 жолаушы қаза тауып, тек екі бортсерік аман қалды.

Соңғы жаңалықтар