$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Мюзикл, опера, комикс: USAID қаржысы қайда кетіп жатыр?

Редакция
04 ақпан 2025 08:52 3766
Мюзикл, опера, комикс: USAID қаржысы қайда кетіп жатыр? Сурет авторы: kursiv.media/ Dastan Shanay

АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігі (USAID) ондаған жылдар бойы салық төлеушілердің қаржысын тиімсіз жобаларға жұмсап келген. Бұл туралы Ақ үйдің ресми сайтында жарияланған мәлімдемеде айтылды.

Ақпаратқа сәйкес, агенттік әлемнің әртүрлі еліндегі даулы бастамаларға миллиондаған доллар бөлген. Мәселен:

  • Сербияда әртүрлілік пен инклюзияны дамытуға $1,5 млн бөлінген;
  • Ирландияда инклюзия идеясын дамытатын мюзикл қоюға $70 мың бағытталған;
  • Вьетнамда электр көліктерін сатып алуға $2,5 млн жұмсалған;
  • Колумбияда "трансгендерлік операға" $47 мың,
  • Перуде "трансгендерлік комикс" жасауға $32 мың қаржы бөлінген.

Сонымен қатар Гватемалада ЛГБТ бастамаларын қолдау және жыныс ауыстыру операцияларын қаржыландыруға $2 млн, Египетте туризмді дамытуға $6 млн бөлінген. Бұдан бөлек, лаңкестік ұйымдармен байланысы бар коммерциялық емес ұйымға жүздеген мың доллар, ал Ухань зертханасымен байланысы бар EcoHealth Alliance ұйымына миллиондаған доллар аударылған.

АҚШ үкіметінің мәлімдеуінше, аталған жобалардың барлығы салық төлеушілердің есебінен қаржыландырылған. Президент Дональд Трамптың әкімшілігі USAID агенттігіндегі қаржы ысырапшылдығы мен теріс пайдалануды тоқтату бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар