$ 519.58 € 609.36 ₽ 6.63

Қытайда жер сілкінісі болып, кемінде 53 адам қаза тапты

Редакция
07 қаңтар 2025 05:05 4906
Қытайда жер сілкінісі болып, кемінде 53 адам қаза тапты Сурет авторы: АР

Қытайдың Тибет автономиялық ауданында магнитудасы 6,8 балл болатын жер сілкінісі болып, 53 адамның өмірін қиды. Табиғи апаттың эпицентрі Динжи уезіндегі Цого елді мекенінде тіркелген. Мұнда шамамен 6 900 адам тұрады, ал уезд халқының жалпы саны 61 мыңнан асады.

Жер сілкінісінің салдарынан туристік орындар, оның ішінде Эверестке көтерілуге арналған базалық лагерь уақытша жабылды. Алайда лагерьдегі нысандар мен туристік ғимараттарға зиян келмегені хабарланды.

Аймақ бойынша мыңнан астам ғимарат зақымданып, кейбірі толығымен қираған. Қытайдың сейсмология басқармасы апатқа жедел әрекет ету үшін екінші деңгейлі қауіп-қатер режимін жариялады. Қазіргі уақытта аймаққа құтқарушылар мен гуманитарлық көмек жіберілген.

Жергілікті билік зардап шеккендер туралы мәліметтерді нақтылап жатыр. Мамандар құрбан саны көбеюі мүмкін екенін айтады.

Соңғы жаңалықтар