$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Қытайда тағы да жаңа вирус пайда болды

Редакция
21 ақпан 2025 07:47 2442
Қытайда тағы да жаңа вирус пайда болды Сурет авторы: shutterstock

Қытайлық зерттеушілер адамға жұғу қаупі бар жаңа жарқанат коронавирусын тапты. Бұл вирус Covid-19 тудыратын вирус секілді адамның ACE2 рецепторын пайдалана алады, деп хабарлады SCMP.

Зерттеуді «жарқанаттар ханымы» атанған танымал вирусолог Ши Чжэнли бастаған. Ол Гуанчжоу зертханасы, Гуанчжоу ғылым академиясы, Ухань университеті және Ухань вирусология институтының ғалымдарымен бірлесіп жұмыс жүргізді.

Зерттеу нәтижесінде вирус тек жарқанаттарда ғана емес, басқа да сүтқоректілерде ACE2 рецепторымен байланыса алатыны анықталды. Бұл оның адамға тікелей немесе аралық жануарлар арқылы жұғу қаупін арттырады.

Ғалымдар вирустың таралуын мұқият бақылау қажет екенін, бірақ оның адам популяциясында кең таралу қаупі COVID-19-ға қарағанда әлдеқайда төмен екенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар