$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Қытай TikTok-ты Илон Маскқа сатуы мүмкін – Bloomberg

Редакция
14 қаңтар 2025, 07:07
Қытай TikTok-ты Илон Маскқа сатуы мүмкін –  Bloomberg Сурет авторы: Gonzalo Fuentes / REUTERS

Bloomberg агенттігінің мәліметінше, Қытай үкіметі TikTok қосымшасының АҚШ-тағы бөлімшесін миллиардер Илон Маскқа сату нұсқасын қарастырып жатыр. Бұл қадам қысқа бейнелерге арналған танымал сервистің АҚШ-та бұғатталуын болдырмауға бағытталған.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Масктың X платформасы (бұрынғы Twitter) TikTok-тың АҚШ-тағы операцияларын бақылауға алуы мүмкін. TikTok-тың АҚШ-тағы 170 миллионнан астам қолданушысы X-қа жарнама берушілерді тартуға көмектеседі. Сонымен қатар Масктың xAI жасанды интеллект стартапы TikTok арқылы үлкен көлемдегі деректерді пайдалана алады.

TikTok өкілі бұл ақпаратты «қиялдан туған дерек» деп атады.

TikTok-тың АҚШ-тағы бизнесінің құны 40–50 миллиард доллар деп бағаланады. Алайда Масктың бұл келісімді қалай жүзеге асыратыны және оған АҚШ үкіметі рұқсат беретін-бермейтіні белгісіз.

Соңғы жаңалықтар