$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Қытай АҚШ-қа жауап ретінде 34 пайыздық тариф енгізді

Редакция
04 сәуір 2025 08:01 1927
Қытай АҚШ-қа жауап ретінде 34 пайыздық тариф енгізді Сурет авторы: gannett-cdn.com

Қытай АҚШ-тан импортталатын барлық тауарға 34 пайыз көлемінде кедендік баж салығын енгізетінін мәлімдеді. Бұл туралы ҚХР Мемлекеттік кеңесінің жанындағы Тариф істері жөніндегі комиссия хабарлады.

Мекеме мәлімдемесінде бұл шешім АҚШ президенті Дональд Трамптың жаңа тарифтік саясатына жауап ретінде қабылданғаны айтылған.

– АҚШ-тың әрекеті халықаралық сауда ережелеріне сай келмейді, Қытайдың заңды құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтіреді және бұл – біржақты қорқытып-үркітудің айқын көрінісі, – делінген Қытай тарапы таратқан хабарламада.

Айта кетейік, 2 сәуірде АҚШ президенті Дональд Трамп импорттық тауарларға арналған жаңа тариф жүйесін жариялады. Жаңа ережеге сәйкес, барлық импортқа 10 пайыздық базалық баж салығы белгіленді. Алайда кейбір елдер үшін бұл көрсеткіш әлдеқайда жоғары болды: Қытай үшін – 34%, Вьетнам үшін – 46%, ал Еуропалық Одақ үшін – 20%, Қазақстанға – 27%. Ал Ресейге қатысты жаңа тарифтер қарастырылмаған.

Соңғы жаңалықтар