$ 540.78 € 618.65 ₽ 6.71

Қырғызстанда ұйымдасқан қылмыстық топтардың барлығы дерлік жойылды

Редакция
17 желтоқсан 2024 04:22 1695
Қырғызстанда ұйымдасқан қылмыстық топтардың барлығы дерлік жойылды Сурет авторы: mvd.gov.kg

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті (ҰҚМК) ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресте жеңіске жеткенін мәлімдеді, деп хабарлады "Кактус Медиа".

"ҰҚМК басшысы Камчыбек Ташиев Қырғызстанда ұйымдасқан қылмыстық топтардың түгел дерлік жойылғанын атап өтті. Егер қандай да бір топтар қалса, олар қазір ешқандай ресурстарсыз қалды", – деп хабарлады агенттік.

Сонымен қатар Ташиев Қырғызстан азаматтарының енді ешнәрседен қорықпай, бейбіт жұмыс істей алатынын айтты. Оның айтуынша, ұйымдасқан қылмыстық топтардан 50 миллиард сом (300 миллиард теңгеден астам) көлемінде мүлік тәркіленген, олардың ішінде бірнеше пансионат пен спорт кешені бар.

Тәркіленген мүліктің бұрынғы иелері ретінде Камчыбек Ташиев Камчы Кольбаевты, Қадыр Досоновты, Чыңғыз Жұмағұловты және Еркін Мамбеталиевті атады.

Соңғы жаңалықтар