$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Қазақстанның бітімгер сарбаздары Голан жоталарына жетті

Редакция
31 наурыз 2024, 05:24
Қазақстанның бітімгер сарбаздары Голан жоталарына жетті

БҰҰ бітімгерлік миссиясымен Қазақстаннан аттанған сарбаздар Голан жоталарына жетті. 

Қарулы күштер Қазақстан аумағынан Сирия астанасы Дамаскіге ұшып барып, Фауар бітімгерлік базасына дейін автокөлікпен жеткен.

Жасақ құрамында 139 әскери бар.

Рота штабы істерді қабылдау және «БҰҰ-ның бөлінген аумақты бақылау жөніндегі күштері» миссиясы қолбасшысының резервтік ротасының функционалын нақтылау жұмысына кіріседі.

Соңғы жаңалықтар