$ 543.24 € 619.89 ₽ 6.78

Қазақстандықтар үшін газ Еуропа елдерінің тұрғындарына қарағанда арзанға шығады

Редакция
27 мамыр 2024 09:05 2983
Қазақстандықтар үшін газ Еуропа елдерінің тұрғындарына қарағанда арзанға шығады Сурет авторы: pixabay

Бір орташа айлық жалақыға қазақстандықтар шамамен 10 мың текше метр газ сатып ала алады, деп хабарлайды Qrnews тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Қазақстан халық үшін табиғи газдың қолжетімділігі бойынша рейтингте бірінші орында тұр. Екінші орында Ресей. Беларусь көшбасшы елдердің үштігін тұйықтады.

Ең қымбат газ Швецияда (текше метрі 210 рубль), ал ең арзаны Қазақстанда (текше метрі 6,3 рубль).

Рейтингке 30 мемлекет, оның ішінде Ресей, Беларусь, Қазақстан, Германия, Австрия, Франция, Ұлыбритания, Италия, Испания және басқа елдер кірді.

Молдова тұрғындарының көгілдір отынның ең аз көлемін сатып алу мүмкіндігі бар. Мұндағы орташа жалақыға 604 текше метр газ ғана сатып алуға болады. Молдовадан басқа аутсайдерлерге Литва, Португалия, Латвия және Босния және Герцеговина кіреді, олардың тұрғындары орташа есеппен сәйкесінше 805, 992 және 1210 текше метр газ сатып ала алады.

Соңғы жаңалықтар