$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 43-орынға ие болды

Редакция
20 наурыз 2025 07:01 1046
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 43-орынға ие болды Сурет авторы: Unsplash/Timon Studler

Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингісінде 43-орынға тұрақтады. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен жыл сайын жасалатын Дүниежүзілік бақыт баяндамасында айтылған. Биылғы рейтингке барлығы 147 мемлекет кірді.

Елдердің бақыт деңгейі мынадай негізгі көрсеткіштер бойынша бағаланған:

  • жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім;
  • әлеуметтік қолдау деңгейі;
  • денсаулықтың жақсы болуы мен күтілетін өмір ұзақтығы;
  • еркіндік деңгейі, жомарттық және азаматтардың мемлекеттік институттарға сенімі;
  • Gallup агенттігінің жаһандық сауалнамасы бойынша тұрғындардың өмірге қанағаттануын субъективті түрде бағалауы (0-ден 10-ға дейінгі шкала бойынша).

Рейтингтің алғашқы ондығына Финляндия, Дания, Исландия, Швеция, Нидерланды, Коста-Рика, Норвегия, Израиль, Люксембург және Мексика енген.

Соңғы жаңалықтар