$ 455.4 € 526.99 ₽ 5.25

«Иран өлді»: Дональд Трамп Тегеранға соққы беретінін айтып сес көрсетті

Редакция
01 қыркүйек 2026, 14:23
«Иран өлді»: Дональд Трамп Тегеранға соққы беретінін айтып сес көрсетті Сурет авторы: AP Photo

АҚШ Президенті Дональд Трамп Иорданиядағы америкалық әскери нысандарға Иран тарапынан жасалған зымырандық шабуылдан кейін қатаң жауап берілетінін мәлімдеді.

«Біз оларға өте ауыр соққы береміз. Мұндай әрекет жауапсыз қалмайды», – деді Трамп Fox News арнасына берген сұхбатында.

Ақ үй басшысының айтуынша, Тегеран кем дегенде сегіз баллистикалық зымыран ұшырған, алайда олардың басым бөлігі әуеге қарсы қорғаныс жүйесі арқылы атып түсірілген. Сондай-ақ Дональд Трамп Truth Social желісінде Иранның қазіргі жағдайын шұғыл сыңаржақ бағалап: «Иран ресми түрде күйреген мемлекетке айналды. Ол мүлде жойылды», – деп жазды. Оның сөзінше, бұл елде әскери флот пен авиация саптан шыққан, ұлттық валюта құнсызданып, билік басында бейберекетсіздік орнаған.

Өз кезегінде Тегеран да шиеленісті одан әрі күшейтуге дайын екенін ашық білдірді. Иранның жоғары лауазымды өкілі Reuters агенттігіне берген түсініктемесінде АҚШ-тың кез келген жаңа соққысына «ондаған есе қатаң» жауап қайтарылатынын ескертті. Сондай-ақ Иран тарапы Ормуз бұғазындағы халықаралық кеме қатынасын толықтай шектеуі мүмкін екенін жеткізді.

Washington Post басылымының мәліметінше, бұл әскери қақтығыстың ұзаққа созылып кетуі АҚШ әскери қолбасшылығы арасында үлкен алаңдаушылық туғызып отыр. Қазіргі таңда Таяу Шығыс аймағында 50 мыңнан астам америкалық сарбаз орналасқан.

Соңғы жаңалықтар