$ 540.78 € 618.65 ₽ 6.71

Газа секторындағы соғыс аяқталуға жақын – BBC

Редакция
18 желтоқсан 2024 04:10 3395
Газа секторындағы соғыс аяқталуға жақын – BBC Сурет авторы: Ronen Zvulun / Reuters

Израиль мен ХАМАС арасындағы бірнеше айға созылған келіссөздер тығырықтан шығып, Газа секторындағы соғысты тоқтату және тұтқындарды босату туралы келісімге келу мүмкіндігі пайда болды.

Палестиналық жоғары лауазымды шенеуніктің BBC-ге берген мәліметіне сәйкес, келіссөздер «шешуші және қорытынды кезеңге» жетті.

Израильдің қорғаныс министрі Исраэль Кац та келісімнің бұрын-соңды болмағандай жақын екенін мәлімдеді.

Соңғы апталарда АҚШ, Қатар және Мысыр тараптардың келісімге келуге дайын екендігін байқап, өздерінің делдалдық күш-жігерін жандандырған.

Израиль мен ХАМАС арасындағы соғыс 2023 жылдың 7 қазанында басталған болатын.

Үш кезеңнен тұратын бейбітшілік жоспары

Палестиналық шенеунік үш кезеңнен тұратын жоспарды баяндады:

  1. Бірінші кезеңде: Газа секторында ұсталып отырған азаматтар мен әскери қызметші әйелдер 45 күн ішінде босатылады. Бұл уақытта Израиль әскері қалалардың орталықтарынан, жағалаудағы жолдардан және Мысырмен шекаралас стратегиялық аймақтардан шығады.

  2. Екінші кезеңде: Қалған тұтқындар босатылып, Израиль әскері толықтай шығарылатын болады.

  3. Үшінші кезеңде: Соғысты ресми түрде аяқтау рәсімі өтеді.

Израильдің бағалауы бойынша, Газа секторында 96 тұтқынның 62-сі тірі.

Соңғы жаңалықтар