$ 540.78 € 618.65 ₽ 6.71

Гарвард университеті Трамп әкімшілігін сотқа берді

Редакция
22 сәуір 2025 04:59 1651
Гарвард университеті Трамп әкімшілігін сотқа берді Сурет авторы: Reuters

Гарвард университеті Дональд Трамп әкімшілігінің $2,3 миллиард көлеміндегі мемлекеттік қаржыландыруды тоқтатуына байланысты АҚШ-тың федералды сотына шағым түсірді, деп хабарлады BBC-дің орыс қызметі.

Университет мәлімдемесінде бұл іс «ғылым саласындағы шешімдерді бақылауға тырысу мақсатында үкіметтің қаржылық қысым жасау әрекеті» деп бағаланды. Гарвард президенті Алан Гарбер қаржыландырудың тоқтатылуы балалар қатерлі ісігі, Альцгеймер және Паркинсон ауруларын зерттеуге кері әсер ететінін айтты.

Университет бұл әрекетті заңсыз деп есептейді және АҚШ Конституциясының сөз бостандығына кепілдік беретін бірінші түзетіміне қайшы келеді дейді.

Бұған дейін Трамп әкімшілігі Израильдің Газа секторына жасаған әскери шабуылына қарсы студенттік наразылықтарға байланысты университеттерге қысым көрсетіп, қаржыландыруды тоқтатумен және шетелдік студенттердің визаларын жоюмен қорқытқан.

Соңғы жаңалықтар