$ 543.24 € 619.89 ₽ 6.78

Ердоған Түркияда бір күндік ұлттық аза тұту жариялады

Редакция
22 қаңтар 2025 00:57 3000
Ердоған Түркияда бір күндік ұлттық аза тұту жариялады

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған "Карталкая" тау шаңғысы курортында болған өрт салдарынан қаза тапқан жандарға байланысты елде бір күндік ұлттық аза тұту жариялады. Бұл туралы "Анадолу" агенттігі хабарлайды.

"22 қаңтар, сәрсенбіде Түркиядағы және шетелдік өкілдіктердегі мемлекеттік тулар төмен түсіріледі", – делінген хабарламада.

Ердоған қайтыс болғандардың отбасыларына көңіл айтып, зардап шеккендерге тез сауығып кетуін тіледі. Сондай-ақ, ол қайғылы оқиғаға кінәлілердің заң аясында қатаң жазаланатынын мәлімдеді.

Қайғылы оқиға "Карталкая" тау шаңғысы курортындағы қонақ үйде өрт болған. Соңғы деректер бойынша, 66 адам қаза тауып, 51 адам жарақат алған.

Оқиға орнында өртті сөндіру және құтқару операцияларын жүзеге асыруға 267 маман жұмылдырылған.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, алдын ала деректер бойынша, зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ.

Соңғы жаңалықтар