$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Бразилияда денге безгегінен қайтыс болғандардың саны 700-ге жетті

Редакция
31 наурыз 2024 05:24 2590
Бразилияда денге безгегінен қайтыс болғандардың саны 700-ге жетті Сурет авторы: khovar.tj

Бразилияда денге безгегін жұқтырғандар саны артты. 2024 жылдың басынан бері кеселді екі миллионнан астам адам жұқтырған. 700-ге жуық адам қайтыс болды, деп хабарлайды Qrnews.kz елдің Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Биыл ауруды жұқтырғандар саны төрт миллионнан асуы мүмкін. Ауруханалар лық толы. Дәрігерлер уақытша шатырларда шұғыл көмек көрсетуге мәжбүр. Қазір Бразилияның 22 штатында ауру жағдайлары анықталды.

Билік безгектен ең көп зардап шеккен аймақтарға 62 миллион доллардан астам қаражат бөлуге уәде берді.

Соңғы жаңалықтар