$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

«Бөліну қылмысы»: Қытай Тайвань тәуелсіздігін көздеген басшыларды өлім жазасына кесетінін ескертті

Редакция
24 маусым 2024 02:25 3416
«Бөліну қылмысы»: Қытай Тайвань тәуелсіздігін көздеген басшыларды өлім жазасына кесетінін ескертті Сурет авторы: Reuters

Бейжіңде тәуелсіздікті қалаған тайвандық сепаратистерді Қытай өлім жазасына кеседі деп мәлімдеме жасалды, деп хабарлайды The Guardian

Тайванды өз меншігі деп санайтын Қытай өзінің Лай Чинг Теге көзқарасы негативті екенін жасырмайды. Олар қаңтар айында тағайындалған тайвандық басшыны сепаратист деп есептейді.

Жұма күні Синьхуа мемлекеттік агенттігі «Мемлекет пен халыққа ерекше ауыр зиян келтіретін тәуелсіздік талпыныстарының көшбасшылары үшін өлім жазасы қарастырылған» деп мәлімдеді.

Қытайдың қоғамдық қауіпсіздік министрлігінің ресми өкілі Сун Пин де Бейжіңде журналистерге «бөліну қылмысы» үшін ең жоғары жаза өлім жазасы екенін айтты.

Бұл заң 2005 жылы жарық көрген заңды толықтырып, Тайвань бөлінген жағдайда, оған әскери әрекет жасауға заңды негіз береді.

Әмір Жәнібек

Соңғы жаңалықтар