$ 540.78 € 618.65 ₽ 6.71

Біріккен Араб Әмірліктері визалық талаптарды қатаңдатты

Редакция
17 қаңтар 2025 01:24 2571
Біріккен Араб Әмірліктері визалық талаптарды қатаңдатты

Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) иммиграциялық департаменті шетелдік визаларды беру тәртібін күшейтіп, өтініштерді қарау мерзімін ұзартты. Кейбір өтініштер кері қайтарылуда. Бұл елдегі жұмысшы мигранттардың күрт көбеюімен байланысты.

Әсіресе, Үндістан мен Пәкістаннан келген еңбек мигранттары құрылыс және қызмет көрсету салаларын толығымен қамтып отыр. Елде шамамен 5 миллион үндістандық жұмыс істейді. Қала халқының өсуі қоғамдық орындарда кезектер мен кептелістерді жиілеткен.

Осы жағдайларға байланысты иммиграциялық департамент Оңтүстік Азия елдерінен келетіндерге қойылатын талаптарды күшейтуге шешім қабылдады.

Қазақстан азаматтары үшін БАӘ-де визасыз жүру мерзімі 30 күн болып қала береді.

Соңғы жаңалықтар