Байден Украинаға баллистикалық зымырандармен Ресей аумағын атқылауға рұқсат берді
АҚШ президенті Джо Байден қызмет мерзімі соңына тақаған кезде Киевтің көп ай бойы сұрап келген өтінішін орындап, ATACMS баллистикалық тактикалық зымырандарымен Ресей аумағына соққы жасауға рұқсат берді. Бұл жөнінде бірнеше америкалық газет пен телекомпания Байден әкімшілігіндегі анонимді дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.
Бұл шешім туралы алғаш рет жексенбі күні New York Times және Washington Post газеттері хабарлады, содан кейін CNN және АҚШ-тағы Би-би-си серіктесі CBS телекомпаниялары да өз арналары арқылы осы ақпаратты растады. Газеттердің анонимді дереккөздері Байден бұл шешімді Солтүстік Корея Ресейге Курск облысындағы соғысқа көмек көрсету үшін сарбаздарын жіберген соң қабылдағанын айтты.
"Бір шенеунік бұл қадамның бір бөлігі Солтүстік Кореяның жаңа әскер жіберуін тоқтатуға бағытталғанын айтты. Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ын алғашқы бөлімшелерді жіберу қателік болғанын және оның қымбатқа түсерін түсінуі тиіс" деді бұл шенеунік", - деп хабарлайды Washington Post.
Бұған дейін Вашингтон өз зымырандарымен Ресей аумағына соққы жасауға рұқсат беруден бас тартқанын эскалациядан қорқуымен түсіндірген болатын. CNN шолушысы АҚШ және басқа НАТО елдері Ресейдің жауап ретінде өз аумағында диверсиялар ұйымдастыруы мүмкін деп санайтынын түсіндіреді. Америкалық газеттердің дереккөздеріне қарағанда, бұл қорқыныш әлі де бар. Олардың бірі Байденнің рұқсатымен зымырандарды қолданудың салдары «өте нақты және шектеулі» болатынын айтты.
Карнеги қорының әскери сарапшысы Майкл Кофман Washington Post-қа ATACMS зымырандарын қолдануға рұқсат украиндықтарға Курск облысының бір бөлігін сенімдірек қорғауға мүмкіндік беретінін айтты.
Украина президенті Владимир Зеленский жексенбі күні кешкісін ресми мәлімдемелер емес, зымырандар өздері рұқсат туралы «айтып береді» деген ой айтты.
«Бүгін БАҚ-та бізге тиісті әрекеттерді орындауға рұқсат берілгені туралы көп айтылады. Бірақ соққы сөзбен жасалмайды. Мұндай нәрселер алдын ала жарияланбайды. Зымырандар өздері үшін сөйлейді. Міндетті түрде», - деді Зеленский күнделікті кешкі жолдауында.
Мәскеу ATACMS туралы жаңалыққа әлі пікір білдірген жоқ. Ресей президенті Путин біраз уақыт бұрын Ресей аумағына терең соққы жасау НАТО-ның соғысқа тікелей қатысуын білдіретінін айтқан еді. Путиннің логикасына сәйкес, мұндай зымырандарға спутниктік нұсқау қажет, ал Украинаның өз спутниктері жоқ: зымырандар НАТО елдерінің спутниктері арқылы Ресейдегі нысандарға бағытталады.
Көптеген әскери шолушы Ресей аумағына зымыранмен соққы жасауға рұқсат берудің Украинаға қорғаныста көмектесетініне қарамастан, соғыстың барысын түбегейлі өзгертпейтінін атап өтеді. CNN шолушысы АҚШ украиндықтарға соғыстың барысын өзгерту үшін жеткілікті зымыран бермейді деп санайды. Украина Қауіпсіздік және ынтымақтастық орталығының басшысы Сергей Кузан ATACMS соғыстың барысын өзгертпесе де, күштерді теңестіруге үлес қосатынын айтады.
«Бұл соғыстың барысын өзгертпейді, бірақ біздің күштерімізді біршама теңестіретініне сенемін», - деді Кузан Би-би-сиге берген сұхбатында.
Оның пікірінше, Байденнің рұқсаты украиндықтарға Курск облысындағы ресейліктер мен солтүстіккорейліктердің ірі шабуылына тойтарыс беруге көмектеседі.
Баспасөздің бір бөлігі Байденнің Ресей аумағына америкалық зымырандармен соққы жасауға рұқсат беруі Ұлыбритания мен Францияға өздерінің Storm Shadow/SCALP қанатты зымырандарын қолдануға рұқсат беруіне мүмкіндік береді деп болжайды. Алайда бұл туралы ресми мәлімдемелер де, «ағып кеткен» ақпарат та жоқ.
ATACMS (Army Tactical Missile System) – бұл, соның ішінде, HIMARS қондырғыларынан ұшырылатын тактикалық баллистикалық зымырандар. Олардың әртүрлі модификацияларының ұшу қашықтығы әртүрлі, ең үлкені шамамен 190 мильге, яғни шамамен 305 кмге жетеді.
Соңғы жаңалықтар
-
Қазақстанда автолизинг бағдарламасы жақында іске қосылады
38 минут бұрын
-
Украина елшісі Қазақстанның мұнай танкерлеріне жасалған шабуылдарға Киевтің қатысы барын жоққа шығарды
1 сағат бұрын
-
Қазақстанның автозауыттарында өндіріс сапасы мен қауіпсіздігін қадағалауға жасанды интеллект қосылды
1 сағат бұрын
-
Қазақстанда өрт қаупі күшейді: «Қазгидромет» еліміздің өңірлеріне ескерту жасады
2 сағат бұрын
-
Қазақстанда тағы үш автокөлік маркасы өндіріле бастайды
4 сағат бұрын
-
2027 жылдан бастап мемлекет инфляция айырмасын өтемейді: Зейнетақы жинағын қалай қорғаймыз?
6 сағат бұрын
-
Ұлттық банк төрағасының орынбасарына айыппұл салынды
6 сағат бұрын
-
Үкімет көлеңкелі экономиканың үлесін 2028 жылға қарай 13,8%-ға төмендетпек
6 сағат бұрын
-
Қара теңізде тағы бір мұнай танкеріне дрон шабуылдады
1 күн бұрын
-
Денсаулық сақтау саласындағы кадр тапшылығын жоюдың жаңа жүйесі әзірленді
1 күн бұрын
-
2026 жылдан бастап зейнетақы жинағын жеке компанияларға толық беруге болады: не білу керек?
1 күн бұрын
-
Грузиядан басқарылған 7,5 миллиард теңгелік онлайн-казиноның қызметі тоқтатылды
1 күн бұрын
-
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына жаңа басшы тағайындалды
1 күн бұрын
-
Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді
1 күн бұрын
-
Испания — 2026 жылғы әлем чемпионы
1 күн бұрын
-
Қазақстан Қара теңіздегі мұнай таситын кемелерге жасалған шабуылды айыптады
1 күн бұрын
-
Испания – Аргентина: әлем чемпионатының финалынан не күтеміз?
2 күн бұрын
-
Канье Уэст концертіне билет сату уақыты кейінге шегерілді
2 күн бұрын
-
Украина дрондары КҚК терминалына шабуыл жасап, қазақстандық мұнай тиелген танкерлерге соққы берді
2 күн бұрын
-
Үш күннен бір күнге дейін: Қазақстан ҰҚШҰ әскерін шұғыл кіргізу туралы хаттаманы бекітті
2 күн бұрын
-
Түркістан облысында нашақорлар мен психикалық ауытқуы бар адамдарға жүргізуші куәлігін берген
2 күн бұрын
-
Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты алғашқы сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды
2 күн бұрын
-
Украина дрондары Ресейдегі Wildberries қоймаларына соққы жасады (ВИДЕО)
2 күн бұрын
-
Франция мен Англия әлем чемпионатының қола жүлдесін сарапқа салады
3 күн бұрын
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Көбейтұз көлін қорғау бойынша шаралар қабылдауды тапсырды
3 күн бұрын
-
Қытайға жарысқа барған қазақстандық волейболшылар көшеде қалды
4 күн бұрын
-
Футболдан әлем кубогының жеңімпаздары алтын сақинамен марапатталады
4 күн бұрын
-
Америкалық танымал рэпер Канье Уэст Алматыда концерт береді
4 күн бұрын
-
Ұлытау облысының әкімі тағайындалды
4 күн бұрын
-
Қазақстанда қандай азық-түлік бағасы арзандағаны белгілі болды
4 күн бұрын
-
Бірыңғай QR жүйесі: қазақстандықтар үшін не өзгереді
4 күн бұрын
-
Алдағы демалыс күндері еліміздің өңірлерінде қандай ауа райы күтіледі?
4 күн бұрын
-
Түркістан облысында жол апатынан жеті адам көз жұмды
4 күн бұрын
-
Қазақстанда Құрылтайдағы әйелдердің рөлін күшейту мәселесі көтерілді
4 күн бұрын
-
Кімдер ақылы жолмен тегін жүре алады
4 күн бұрын
-
Қазақстанда денсаулық сақтау саласына қатысты шағымдар саны 44%-ға артты
4 күн бұрын
-
Болат Ақшолақов Атырау облысының әкімі болып тағайындалды
4 күн бұрын
-
Серік Шәпкенов Атырау облысының әкімі қызметінен босатылды
4 күн бұрын
-
Air Astana Дубайға рейстерді қайта тоқтатады
4 күн бұрын
-
Тоқаев Қытайға тауарларды интернет жылдамдығымен жеткізуді ұсынды
5 күн бұрын
-
Месси төрешілердің көмегі туралы қауесеттерге жауап берді
5 күн бұрын
-
Қазақстанға Қашаған бойынша 2,3 трлн теңге айыппұлды өндіріп алуға уақытша тыйым салынды
5 күн бұрын
-
Экономиканың жаңа тынысы: Түркістанда 5 миллиардтық зауыт іске қосылды
5 күн бұрын
-
Астанада тандырханада жарылыс болды: Зардап шеккендер бар
5 күн бұрын
-
Қазақстаннан 71 мың литрден астам жанармайды заңсыз шығармақ болған
5 күн бұрын
-
Босқа уақыт жоғалту емес, өмірді ұзарту: Кино мен театрға бару денсаулыққа қалай әсер етеді
5 күн бұрын
-
Астана мен Арқалық арасында жаңа пойыз бағыты іске қосылады: толық кесте және билет құны
5 күн бұрын
-
Дипломын жұрт алдында жыртқан түлек 5 тәулікке қамалды
5 күн бұрын
-
Тоқаев Си Цзиньпиннің шақыртуымен Қытайға барды
5 күн бұрын
-
69 баланың өмірі қиылды: Судағы демалыс қайғылы жағдайға ұласып жатыр
5 күн бұрын