$ 540.78 € 618.65 ₽ 6.71

Армения Үкіметі ЕО-ға қосылу туралы заң жобасын мақұлдады

Редакция
09 қаңтар 2025 08:05 4196
Армения Үкіметі ЕО-ға қосылу туралы заң жобасын мақұлдады Сурет авторы: ЕРА

Армения Үкіметінің бейсенбі күнгі отырысында елдің Еуропалық одаққа қосылуын бастау туралы шешім қабылданды. Бұл туралы "Интерфакс" агенттігі хабарлады.

Армения Премьер-министрі Никол Пашинян елдің ЕО-ға қосылу туралы шешімі тек бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданатынын нақтылады.

"Референдум өткізу туралы шешім қабылдағанға дейін "жол картасын" әзірлеп, оны ЕО-мен талқылау қажет", – деді Пашинян.

Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян Арменияның ЕО-ға жақындасуға дайын екенін атап өтті.

"Армения ЕО мүмкін деп санайтын деңгейге дейін жақындасуға дайын. Мен визалық режимді жеңілдету және басқа да талқыланып жатқан құралдарды айтып отырмын", – деді ол.

Мирзоянның айтуынша, армян халқының еуропалық бағыттағы ұмтылысы бар.

Соңғы жаңалықтар