$ 540.78 € 618.65 ₽ 6.71

Әлемдік құқық қорғау ұйымы Израилді геноцид жасады деп айыптады

Редакция
23 желтоқсан 2024 03:24 2667
Әлемдік құқық қорғау ұйымы Израилді геноцид жасады деп айыптады Сурет авторы: Mohammed Salem / Reuters

Human Rights Watch (HRW) ұйымы Израильдің Газа секторында мыңдаған палестиналықты өлтіріп, оларды таза судан айырғанын мәлімдеді. Ұйымның пікірінше, бұл әрекеттер геноцидпен тең.

«Газа секторындағы палестиналық бейбіт тұрғындарды жаппай өлтіру Израиль билігінің адамзатқа қарсы қылмыс жасағанын көрсетеді. Бұл саясат 1948 жылғы Геноцидті ескерту туралы Конвенцияға сәйкес “геноцид актісі” болып есептеледі», – делінген HRW баяндамасында.

Израиль бұл айыптауларды бірнеше рет жоққа шығарып, халықаралық құқық нормаларын сақтайтынын және 2023 жылғы 7 қазанда ХАМАС содырларының Израиль ауылдарына жасаған күтпеген шабуылынан кейін өзін қорғауға құқығы бар екенін мәлімдеген. Ол шабуыл кезінде шамамен 1200 адам қаза тауып, 250-ден астам адам тұтқынға алынған болатын.

Human Rights Watch – Израильдің Газа секторындағы әрекеттерін геноцид деп сипаттаған екінші ірі құқық қорғау ұйымы. Бұған дейін, желтоқсан айының басында Amnesty International да Израильдің бұл аймақтағы әрекеттерін палестиналықтарға қарсы геноцид деп атаған еді.

Соңғы жаңалықтар