$ 458.48 € 534.68 ₽ 5.43

АҚШ визасына үзіліс: Трамп әлем бойынша сұхбаттарды тоқтатты

Абдрахманов Мағжан
26 тамыз 2026, 10:31
АҚШ визасына үзіліс: Трамп әлем бойынша сұхбаттарды тоқтатты Сурет авторы: feodgroup.com

Дональд Трамп әкімшілігі АҚШ-тың әлемдегі барлық елшілігі мен консулдығында иммиграциялық виза алуға өтініш бергендермен сұхбат өткізуді уақытша тоқтатты. АҚШ Мемлекеттік департаменті мұны консулдық қызметкерлерді оқытумен байланыстырды.

Оқу барысында қызметкерлерге АҚШ-қа барғаннан кейін мемлекеттік әлеуметтік көмекке мұқтаж болуы ықтимал адамдарды анықтау тәсілдері үйретілмек.

АҚШ билігінің ұстанымынша, мұндай шара болашақта әлеуметтік көмекті америкалық салық төлеушілер есебінен алуы мүмкін адамдарды анықтауға бағытталған.

Консулдық қызметкерлерді оқыту қанша уақытқа созылатыны және иммиграциялық виза сұхбаттарына жазылу қашан қайта басталатыны әзірге айтылған жоқ.

Бұл шара иммиграциялық визаларға қатысты. Берілген ақпаратта туристік, іскерлік және басқа да иммиграциялық емес визаларға сұхбат тоқтатылғаны айтылмайды.

Соңғы жаңалықтар