$ 540.78 € 618.65 ₽ 6.71

АҚШ Украинаға әскери көмек ретінде 500 млн доллар бөледі

Редакция
13 желтоқсан 2024 01:46 1018
АҚШ Украинаға әскери көмек ретінде 500 млн доллар бөледі Сурет авторы: Kevin Lamarque/Reuters

АҚШ Украинаға 500 миллион доллар көлемінде жаңа әскери көмек беретінін мәлімдеді. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен 12 желтоқсандағы мәлімдемесінде хабарлады.

"Америка Құрама Штаттары Ресейдің үздіксіз шабуылына қарсы күресіп жатқан украиндық серіктестерімізге шұғыл қажет қару-жарақ пен жабдықтардан тұратын тағы бір маңызды пакетті ұсынады", – деді Блинкен.

Бұл көмектің АҚШ-тың әскери қорынан алынатыны атап өтілді. Пакет құрамына HIMARS жүйесіне арналған оқ-дәрілер, артиллериялық снарядтар, ұшқышсыз ұшу аппараттары, броньды техника, сондай-ақ химиялық, биологиялық, радиологиялық және ядролық шабуылдардан қорғану құралдары кіреді.

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп Time журналына берген сұхбатында Ресей мен Украина арасындағы соғысты 24 сағатта аяқтау қиын болатынын мойындады.

"Таяу Шығыстағы мәселелерді шешу Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстан оңайырақ", – деді ол.

Трамп қазіргі президент Джо Байденнің Украинаға қатысты саясатын сынға алды, бірақ Киевке көрсетілетін көмекті Кремльге қысым жасау құралы ретінде пайдалануды ұсынды.

"Мен келісімге келгім келеді (...) және оған жетудің жалғыз жолы – бұл мүмкіндіктен бас тартпау", – деді ол.

Соңғы жаңалықтар