$ 540.78 € 618.65 ₽ 6.71

АҚШ үкіметі Гарвард университетіне шетелдік студенттерді қабылдауға тыйым салуы мүмкін

Редакция
18 сәуір 2025 03:31 3988
АҚШ үкіметі Гарвард университетіне шетелдік студенттерді қабылдауға тыйым салуы мүмкін Сурет авторы: Getty Images

АҚШ үкіметі Гарвард университетіне шетелдік студенттерді қабылдауға тыйым салуы мүмкін. Бұған университет әкімшілігі Дональд Трамп үкіметінің талабын орындаудан бас тартқаны себеп болып отыр. Бұл туралы BBC хабарлады.

Ақ үй Гарвардтан жұмысқа қабылдау, студенттерді іріктеу және оқыту саясатын өзгертіп, антисемитизммен күрес шараларын күшейтуді талап етіп жатыр. Аталған талаптар орындалмаған соң, Ішкі қауіпсіздік министрлігі университетке берілген 2,7 млн доллар көлеміндегі екі грантты тоқтатып, шетелдік визалар бойынша студенттер туралы деректерді сұратқан.

Министр Кристи Ноэм мәлімдемесінде Гарвардты "экстремистік тәртіпсіздіктердің ордасы" деп атап, егер талаптар орындалмаса, университет шетелдік студенттерді қабылдау құқығынан айырылады деп ескертті.

Университет басшысы Алан Гарбер Гарвард өз тәуелсіздігінен және Конституциямен бекітілген құқықтарынан бас тартпайтынын айтты.

Биыл шетелдік студенттер Гарвард контингентінің 27%-ын құрайды. Бұған қоса, Трамп университеттің салықтық жеңілдіктерін жоятынын да айтқан. Бұл жеңілдіктерден айырылу университетке жыл сайын миллиондаған шығын әкелуі мүмкін. АҚШ салық қызметі бұл бағытта нақты шаралар әзірлеп жатыр. Гарвард — антисемитизмге қарсы тексерілуі тиіс 60-тан астам университеттің тізіміне енген.

Соңғы жаңалықтар