$ 540.78 € 618.65 ₽ 6.71

АҚШ-тағы мектептердің бірінде атыс болып, үш адам қаза тапты

Редакция
17 желтоқсан 2024 03:00 1871
АҚШ-тағы мектептердің бірінде атыс болып, үш адам қаза тапты Сурет авторы: Scott Bauer/AP

АҚШ-тың Висконсин штатының Мэдисон қаласында жеке христиан мектебінде атыс болды. Қарулы шабуыл нәтижесінде үш адам қаза тапты, тағы жеті адам әртүрлі дәрежеде жарақат алды, деп хабарлады жергілікті құқық қорғау органдары.

Полицияның мәліметі бойынша, атыс шығарды деп күдікке ілінген жасөспірім де қаза тапқан. Ол осы мектептің оқушысы болып шықты. Мэдисон қаласының полиция бастығы Шон Барнс баспасөз конференциясында атыс шығарған оқушы өзін-өзі өлтірген болуы мүмкін деген болжамын айтты.

"Бүгін – Мэдисон үшін ғана емес, бүкіл ел үшін ауыр, қайғылы күн", – деді Барнс.

Журналистердің хабарлауынша, тергеушілер күдікті 9 мм калибрлі тапаншаны пайдаланған болуы мүмкін деген тұжырымға келді.

Атыс болған оқу орны – Abundant Life христиан мектебі. Мектепте шамамен 390 бала оқиды.

Ақ үй АҚШ президенті Джо Байден атыс туралы ақпарат алғанын хабарлады.

Соңғы жаңалықтар