$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

АҚШ Конгресі Украинаға жаңа көмек бөлуден бас тартты

Редакция
21 ақпан 2025 03:02 3797
АҚШ Конгресі Украинаға жаңа көмек бөлуден бас тартты Сурет авторы: depositphotos

АҚШ Өкілдер палатасының спикері, республикашыл Майк Джонсон Конгресс Украинаға жаңа қаржылай көмек бөлуді мақұлдамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы ол Newsmax телеарнасында айтты, деп хабарлады DW.

Оның айтуынша, «Украинаға қолдау көрсету тым ұзаққа созылды», сондықтан АҚШ бұл көмекті тоқтатуы керек.

«Алдымен соғысты аяқтау керек. Біздің еуропалық одақтастарымыз да осыны түсініп отыр», – деді Джонсон.

АҚШ-та бюджет мәселелерін Өкілдер палатасы шешеді. Қазіргі таңда онда президент Дональд Трамптың саясатын қолдайтын республикашылдар басымдыққа ие.

АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс Украинаға жаңа қару-жарақ жеткізу елге жеңіс әкелмейтінін атап өтті. Оның айтуынша, Ресей әскери тұрғыдан сандық басымдыққа ие, ал Еуропаның қару қоры азайған.

Соңғы жаңалықтар